40 жастағы медбике Нодира Эргашеваның хабарлауынша, мектеп директоры Дильшод Бабанов оның 18 жастағы ұлы Анвар Маматмуродовты ұрған.
"Сол күні директор сабақа кешіккен балалардың барлығын аулаға жинаған. Менің балам да кешігіп барған. Директор оны шақырып, құлағынан ұрған. Түсте ол маған хабарласып, құлағы ауыратынын айтты. Мен баламды ауруханаға апардым. Дәрігерлер құлағының пердесі жарылып кеткенін айтты", – деді Нодира Эргашева.
Ол баласының әскери училищеге түсуді армандағанын айтты. "Ол үшін бес жыл дайындалды. Енді әскери медициналық комиссиядан өте адмай жүр".
Жарқорған ауданының инспекторы Ильхом Норбоевтың хабарлауынша, іс аудандық прокуратураға жолданған. Аудандық аурухана дәрігері оқушының құлақ пердесі жарылып кеткенін растады.