Ссылки доступа

Тәжікстан фильмдердегі интим көріністерге тыйым салды


Тәжікстандағы мемлекеттік телеарналар барлық фильмдердегі ашық көріністерді қиып тастап отырады. Телеарна басшылығы мұндай көріністер ұлттық құндылқтарға сай емес деп есептейді.

Тәжікстан телевидение және радиотаралым жөніндегі төрағасының орынбасары Махмадшариф Бобозоданың айтуынша, фильмдердегі ашық көріністерді кесіп тастау туралы шешім бөтен мәдениеттін насихаттауды доғарып, үлттық құндылықтарды құрметтеуден туған.

Бір жыл бұрын "Тәжікфильм" киностудиясы отандық және шетел фильмдеріндегі ашық көріністерді кесіп тастауды ұсынған еді.

Киностудиядағы дереккөздің хабарлауынша, мұндай ереже "Тәжікфильмнің" тәжік үкіметі мақұлдаған жаңа қарарында қарастырылған. Енді фильмдердегі төсек қатынасы көріністері көрсетілмейді.

"Интим көріністер біздің мәдениетке сай келмейді. Мұндай фильмдерді отбасымен бірге қалай көруге болады", - деді Махмадшариф Бобозода.

XS
SM
MD
LG