2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін зейнет жасындағы адамдар зейнетақысының толық сомасын алады.
Хива ауданындағы 62 жастағы балабақша меңгерушісі 15 жылдан бері жұмыс істеп, қаңтар айында аяқ астынан жұмыстан шығарылған. «...мүмкін билікке ай сайын айлық әрі зейнетақы төлеу қиын болған шығар. Біздің ауданда алты балабақшаның басшылары мен тоғыз тәрбиеші бір күнде қызметінен алынды",- дейді.
Осыған дейін зейеткерлерге зейнетақының тек 50 пайызын төлеп келген. Енді президент жарлығына сәйкес, 100 пайыз төлейді.
Қазір Өзбекстанда ерлер 60-та, әйелдер 55-те зейнет жасына шығады. 2022 жылдан бастап, зейнет жасын ерлер үшін 63, әйелдер үшін 58 жасқа дейін ұзарту қарастырылған.