23 жастағы студент Қашқадария облысында туған. Марқұмның курстастарының бірінің хабарлауынша, Ш.М. университет жатақханасынан кешкі сағат алтылар шамасында шығып кеткен.
Ертесіне таңертең студентті наубайханада асылып тұрған жерден тауып алды.
"Жатақханадан кетерде ол туыстарына қонуға баратынын айтты. Бірақ ол асылып өлген", - деді марқұмның бір курстасы.
Марқұмның тағы бір курстасының айтуынша, соңғы уақытта ол көңілсіз жүрген. "Қазір біз емтихан тапсырып жатырмыз. Оған тағы бір жылға қаласың деп айтқан. Оқу ақысы - 22 миллион сум. Ол орнында қалып қойса, ақшаны қалай табар еді?" – деді асылып қалған студенттің досы.
Дегенмен ректордың көмекшісі бұны жоққа шығарып отыр.
"Жалған ақпарат. Біз ол балаға қиянат жасаған емеспіз. Біз оның оқу ақысын төлеуге жеңілдік жасаған едік", – деп ақталды ректор көмекшісі.