Шамсиддин Шохин ауданының Чагам ауылының 48 жастағы тұрғыны Кадами Курбон әзіл-сықақ әндерімен танымал болды. Оны жүз мыңдаған көрермен Интернет арқылы тамашалайды.
Аудандық соттың жауапты қызметкері Бобомурод Наджмиддинзоданың хабарлауынша, Кадами Курбон баласының үйлену тойында биші қызға ақша ұстатқан. Тәжікстанда "Салт-дәстүрлер туралы" заң үйлену тойлары мен салтанатты кештерде биші қыздарға ақша беруге тыйым салады.
"Кадами Курбонның заң бұзғаны туралы видео Интернетке жүктелген", - деді Наджмиддинзода. Оның айтуынша, судья Курбонға он күн ішінде айыппұл төлеуге міндеттеген. "Кадами Курбон сот шешіміне қарсы шықпады", - деді аудандық сот қызметкері.
Кадами Курбон ұлының үйлену тойында биші қызға ақша ұстатқанын мойындады. "Бірақ ол видеоның интернетке қалай түскенін білмеймін", - деді сықақшы.