Ссылки доступа

Тәжікстанда немересін тірідей көмген қария 18 жылға сотталды


Тәжікстанның Хатлон облыстық соты үш жастағы немересін өлтірген 58 жастағы Ходжарой Ашурованы 18 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды.

Сотталушы жазасын қатаң режимдегі колонияда өткізеді. Мемлекеттік айыптаушы Ашуроваға 20 жыл сұраған.

Қайғылы оқиға 12 қыркүйекте Навобод ауылында болған. Ауыл тұрғыны Ходжарой Ашурова немересін тірідей көмген. Кішкентай Бехрузджонаның денесін алты күн өткеннен кейін тапқан.

Ходжарой Ашурова тергеу кезінде келінімен арада болған араздық үшін, немересінен өш алғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG