Ссылки доступа

Түркіменстан жылқы шаруашылығы бойынша жоғару оқу орнын ашпақ


Түркіменстан жылқы шаруашылығы мамандарын даярлайтын арнайы жоғары оқу орнын және ғылыми-өндіріс орталығын ашқпақ. Мұндай шешімді ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 3 желтоқсанда өткен үкімет мүшелері мен аймақ басшылары отырысында қабылдаған.

Елдегі ресми басылымдардың жазуынша, жоғары оқу орындарына білікті оқытушылар дайындайтын ғылыми-өндіріс орталығы Ахал уәлаятында құрылады.

Президент "селекциялық-генетикалық жұмыстарды" түбегейлі өзгертуді тапсырып, Түркіменстан жылқы шаруашылығын және ат спортын елде ғана емес, бүкіләлемдік деңгейде дамытады деп мәлімдеген.

Ақалтеке арғымақтары Түркіменстанның ұлттық игілігі болып есептеледі. Елдегі жылқы шаруашылығын президенттің өзі бақылауға алған. Былтыр Түркіменстан билігі тазақанды ақалтеке тұқымының каталогын жасап, оны ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне кіргізу ниеті бар екенін жеткізген.

Президент Туркменистана на скачках пришел первым
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:51 0:00

Биыл Түркіменстан арғымағы күні ұлттық мереке мәртебесін алды.

XS
SM
MD
LG