Украина қорғаныс министрлігінің дереккөзі берген мәліметке қарағанда, Ресей Украинаның үш әскери кемесін басып алған.
Украинаның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Владимир Ельченко ресейлік шекарашылардың агрессиясына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағымданатынын мәлімдеді.
Киевте Украинаның бұрынғы қорғаныс министрі Анатолий Гриценко Азов теңізі айдыны мен Керчь бұғазындағы туындаған жағдайға байланысты Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуге шақырды.
Осының алдында Украина қарулы күштері Kerch.com.ru сайтында жазылған ұзақ уақыт бойы Керчь-Еникальск каналынан өтуді тосқан Украинаның бірнеше кемесі ресейлік шекарашылардың атқан оғынан кейін, Керчь көпірінен өтті деген ақпаратты теріске шығарған.
Ресейлік БАҚ Керчь бұғазына шабуыл ұшақтары жөнелтілді деп хабарлайды.