Оқиға Әндіжан облысының Избаскан және Пахтаабад аудандарының шекарасына жақын маңда тіркелген. "Жігіттердің бірі Ильхомжон Хайдаровқа қатты соққы жасаған. Одан соң Хайдаров Пахтаабад аудандық ауруханаға жеткізілді. Бірақ 22 қарашаға қараған түні милиция лейтенанты ауруханада қайтыс болды", – деді облыстық милиция қызметкері.
Милиция лейтенантын ұрған ер азамат және оның серіктері ұсталды.
Прокуратура тергеуге дейінгі тексеруін жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалған.