Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, қараша айында күшіне енген талапқа сәйкес, әрбір мұғалім кемінде бес-алты оқушыны ертіп, киноға бару керек. Кинотеатрларда билет құны 2,5 манат ( Түркіменстан Орталық банк бағамы бойынша, 1 доллар – 3,5 манат ) тұрады.
Мәліметтерге қарағанда, Ашхабадтағы кинотеатрлардың репертуарлары соңғы жылдары жаңартылмаған.
Мұғалімнің бірі мұны кинотеатр залдарын толтыру үшін, қала билігінің ойлап тапқан жоспары дейді.