Жергілікті ақпарат құралдарының хабаралуынша, сот 30 жастағы Санат Умаровты қызмет бабын асыра пайдаланып, кісіге зорлық-змобылық көрсетіп, қылмысты қасақана тіркемегені үшін кінәлі деп таныды.
Умаров жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Бұған қоса ол үш жыл басқарушы қызметте істеу құқығынан айрылды.
Еске салайық, 3 маусымда Санат Умаров пен Каттакурган каласы ішкі істер қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған әйелді шешінуге мәжбүрлеп, оны видеоға түсіріп алған. Видео 5 маусымда жарияланған. Онда шамамен 35 жастағы әйелді шешінуге мәжбүрлегені бейнеленген. Сонымен бірге ұсталған тағы бір әйелді ер кісінің балағаттап жатқаны естіліп тұр.
Бұл әйелдерден ұрланған ақшаны таппаған милиция қызметкерлері оларды босатып жіберген, бірақ күдіктілерді ұстағаны туралы ешқандай құжат толтырылмаған.
Санат Умаров әйелдердің ар-намысына тиетін әрекетке барғанын жоққа шығармады. "Мен олардан кешірім сұрадым", - деп ақталды ол.