Ссылки доступа

Түркіменстан халқы жем-шөп тапшылығынан малды сатуға мәжбүр


На пастбище, Туркменистан (архивное фото)
На пастбище, Туркменистан (архивное фото)

Қыс тақаған сайын Лебап уәлаятының этраптарында халық малды сатуға талпынып жатыр. Биыл қуаңшылық болғандықтан, оны асырауға жем-шөп тапшы.

Азатлыктың Лебаптағы тілшісінің хабарлауынша, көпшілігі малды сатуға мәжбүр, өйткені олар қыста жем-шөп жетпей қалуы мүмкін деп қорқады.

Жергілікті малшылардың айтуынша, биыл сиырлар өткен жылға қарағанда аса дилы емес. Ал қыс басталарда малдың салмақ қосқаны дұрыс. "Әйтпесе аяз ұрған уақытта арық сиырлар қыстан аман шықпайды", - деді ол.

Көпшілік малды сатуға талпынғанына қарамастан, базарда баға өткен жылға қарағанда жоғары болып тұр. Биыл "Түркіменмаллары" мемлекеттік кәсіпорыны да қыс жақындағанда мал сата бастаған, деді осы өңірде мал шарушылығымен айналысатын тағы бір тұрғын.

XS
SM
MD
LG