Ссылки доступа

Қазақстанда белгісіз біреу шекарашыны жаралаған


Атырау облысында белгісіз біреу тексеру кезінде шекара күзетінің қызметкерін жаралаған. Шабуылдаған адам ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Оқиға өткен сенбі, 10 қарашада қазақ-орыс шекарасында болған.

"Сазды" шекара бекетіне жақын елді-мекен тұрғынынан шекара сызығына жақын маңда күдік адам жүргені туралы мәлімет түскен. Сол жерге шекара күзеті жолданған.

Белгісіз біреу шекарашының рюкзакты ашып көрсету туралы талабын орындамай, оны пышақпен жаралаған. "Қорғану және шабуылдаушыны ұстау мақсатында аға шекарашы табельді қару пайдаланды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ұсталған адам Құрманғазы аудандық ауруханаға жеткізілген. Жаралы офицер Ресейдің Астрахан облысындағы Красный Яр елді-мекеніндегі медициналық мекемеде көмек алған.

Шекарадағы бұл жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG