The Jerusalem Post басылымының жазуынша, бір зымыран бос автобусқа құлаған. 19 жастағы бозбала жараланған.
ХАМАС-тың қарулы қанаты 12 қарашада Израиль жүргізген операцияға қарсы жауап береміз деп мәлімдеген. Бұл операциядан жеті палестиндік қаза тапқан.
ХАМАС тобының шабуылынан кейін, Израиль әскері де жауап ретінде қарсы зымыран ұшырған. Франс Пресс агенттігінің ақпараты бойынша, екі палестиндік қаза тапқан.