Ссылки доступа

Өзбекстанда 6 жасар қыз інісі жатқан бесікті өртеп жіберген


Самарқанда алты жасар қыз екі айлық інісі жатқан бесікті өртеп жіберген. Бұл жайында жергілікті БАҚ Өзбекстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ата-анасы үйіндегі балаларын қараусыз тастап кеткен. Ал сіріңкемен ойнап отырған кішкентай қыз бесікке от қойған. Бесікте екі айлық шақалақ болған.

Ата-анасы өртті сөндіріп үлгерген, ал балалары әртүрлі деңгейдегі күйік жарақатымен ауруханаға түскен.

XS
SM
MD
LG