Көпір жанында тұрған жас қыздың іс-әрекеті бірден оғаш көрінген. Милиция қызметкері жанына барғанда, қыз секірген. Бірақ ол қыздың киімінен ұстап үлгерген.
Кейін қыздың мойнында арқан оралып тұрғанын байқаған. Сержантқа өзге милиция қызметкерлері көмекке келіп, қызды шығарып алған.
Өзіне қол жұмсамақ болған келіншек 19 жастағы Бішкек тұрғыны болып шыққан. Ол Шу облысында туып-өскен екен. Екі ай бұрын күйеуге шыққан. Күйеуімен арадағы жанжалдан кейін, өзіне қол жұмсамақ болған.
Бұл іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қызды ата-анасы үйіне алып кеткен.