Бұған дейін ол парламент сайлауына қатысу құқығы үшін таластағы праймеризде Невада өкілдер палатасының қазіргі мүшесі Джеймс Оскарсонды жеңген. 6 қарашадағы сайлауда Хоф Демократиялық партиясы атынан түскен қарсыласы Леся Романовтан 36 пайыз артық дауыс жинады.
Хоф өзінің қарамағындағы борделдердің бірінде 16 қазанда 72 жаста толған туған күн кешінен соң қайтыс болған. Бұл уақытта сайлау бюллетендері таратылып үлгерген, сол себепті штат билігі Хофты сайлаудан шығармады.
Хоф Невада штатында бірнеше бордельге қожалық еткен, бұған қоса ересектерге арналған Cathouse реалити-шоуына түскен. Саясаткер Дональд Трампқа еліктеген.