Ссылки доступа

ҰҚШК төрағалығы Қазақстаннан Қырғызстанға өтеді


Астанада бүгін, 8 қарашада Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі Шарт Ұйымының ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтеді.

Ұйымның ресми сайтында хабарланғандай, күн тәртібінде халықаралық және аймақтық қауіпсіздік проблемалары, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің сыртқы саясатын үйлестіру мәселелері, қауіп-Қатерлерге қарсы тұрудың бірыңғай механизмін жетілдіру, ұйымның әскери әлеуетін арттыру мәселелері талқыланады.

Бірқатар мәселелерді мемлекет басшылары шағын топпен талқылайды. Армения атынан сессия жұмысына премьер-министр қызметін атқарушы Никол Пашинян қатысады.

Қазіргі таңда ұйымға Қазақстан төрағалық етіп отыр. Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 2018-2019 жылдары ұйым төрағалығы Қырғызстанға өтетіндіктен, қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков сессия барысында келесі кезеңде ұйымды басқарудың басым бағыттарын жариялайды.

Сессия қорытындысы бойынша ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшылары мәлімдеме қабылдайды.

XS
SM
MD
LG