Түрмедегі тәртіпсіздік 8 қарашада түнде басталған, деп хабарлады дереккөз. Баскөтеру себебі белгісіз. Колонияға милицияның арнайы жасағы кіргізілген, көтеріліс күшпен басылған. "Көтерілісшілер суық қарумен қаруланған. Төтенше жағдай себептерін тергеу басталды", - деді дереккөз.
Оның айтуынша, баскөтеруді басу кезінде бірнеше адам қаза болған. "Әзірге қаза тапқандар мен жараланғандар саны белгісіз. Менің мәліметім бойынша, бірнеше адам қашып бара жатқан уақытта қаза тапқан. Бірқатары колония аумағынан қашып шыққан", - деді ол.
Түнгі сағат 22.30-дан 23-ке дейін колония аумағында атыс дауысы шыққан. Бірақ Худжанд қаласының Түзету мекемелері басқармасы бұны жоққа шығарды, бірақ дабыл қабылғанын растады.
Куәгерлер қаланың барлық көшелерінде, сонымен бірге Өзбекстан мен Қырғызстанға апаратын тас жолдарда күзет қойылғанын айтты. Тәжікстан билігі Худжанд түрмесіндегі баскөтеру туралы хабарлаған жоқ.