Ссылки доступа

Қырғызстан Ұлттық банкі төрағасы Абдыгуловқа 4,8 млн сом ссуда бөлген


Қырғызстан Ұлттық банкі төрағасы Толкунбек Абдыгуловқа баспана ссудасын бөлгенін растады.

Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҰБ қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге құқылы.

Қызметкер қайтыс болғанда, I немесе II топтағы мүгедек атанса, республика экономикасы мен банк жүйесіне еңбегі сіңсе, ҰБ бұл ссуданы кешіре алады. Әрбір жағдайды Ұлттық банк басқармасы жеке-жеке қарайды.

Толкунбек Абдыгулов 5,5 млн сом көлемінде тұрғын үй ссудасын 2015 жылы маусымда алған. 2017 жылы ол бірінші вице-премьер-министр болып тағайындалды. ҰБ басқармасы ссуданың қалған 4 млн 824 мың сомын (шамамен 70 мың доллар) кешірген.

Бұның алдында парламентте ҰБ Абдыгуловқа 6 млн сом ссуда бергені сөз болған еді.

XS
SM
MD
LG