Ссылки доступа

Boeing-737 ұшағы құлаған жерде тірі жолаушы табылмады


Вещи, найденные спасателями, возможно, принадлежат погибшим пассажирам самолета. 29 октября 2018
Вещи, найденные спасателями, возможно, принадлежат погибшим пассажирам самолета. 29 октября 2018

Индонезияның төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің өкілі Boeing-737 құлаған жағалау тереңдігі 30–40 метр екенін хабарлады.

Теңізде Lion Air әуе компаниясына қарасты ұшақтың ірі қалдықтары жатқанын сол маңдағы адамдар көрген, деп хабарлады Би-би-си.

Boeing 737 жолаушы ұшағы Жакарта әуежайынан ұшып шыққаннан бірнеше минуттан соң апатқа ұшырады. Ол Ява аралының батыс жағалауына жақын маңға құлады. Ұшақ бортында 189 жолаушы және экипаж мүшелері болған.

Лайнер Жакарта қаласынан Банка аралындағы Панкалпинанг қаласына ұшып шыққан. Ұшақ радардан әуе көтерілген 13 минуттан соң жоғалып кетті.

Lion Air – Индонезиядағы ірі жекеменшік компания. Оның ұшақтары елдегі 126 қалаға, сонымен бірге Сингапур, Вьетнам, Малайзия және Сауд Арабиясына қатынайды. Апатқа ұшыраған ұшақ был тамыз айында тұрақты рейстерге шыға бастаған.

XS
SM
MD
LG