Алмазар аудандық соты дәрігер Гүлчехра Одилованы бес жылға, ал Нодира Туляганованы алты жылға бас бостандығынан айырды.
Сот шешімі бойынша, апалы-сіңлілі үш қыздың өлімі дәрігерлердің салғырттығынан болған. 7 жастағы Муниса, 6 жастағы Мухлиса және 4 жастағы Мохира инфекциялық ауруханада бірнеше сағаттың ішінде, бірінің артынан бірі көз жұмған.
"Инфекциялық аурухананың жансақтау бөлімінің дәрігері Хусан Гиясов түнгі бірге дейін, 6 жастағы Мухлиса көз жұмғанша, ешнәрсе істемеген. Біз негізінен Хусан Гиясов кінәлі деп есептейміз. Біз оның жауапкершілікке тартылуын сұрап, тағы арыз жаздық", – дейді қаза тапқандардың туысы.
Былтыр қараша айында Бешкурган ауылында тұратын бір үйдің үш қызы – 7 жастағы Муниса, 6 жастағы Мухлиса және 4 жастағы Мохира бірінің артынан бірі көз жұмды. Ең кішісі жедел-жәрдем көлігінде, ал екі әпкесі ауруханада қайтыс болды.
Алдында олар кәуаптан уланды деген болжам жасаған. Бірақ туыстары мұны жоққа шығарады.