Ссылки доступа

Клинтонның үйі мен Обаманың кеңсесіне белгісіз біреулер бомба жолдаған


Хиллари мен Билл Клинтон үйі
Хиллари мен Билл Клинтон үйі

Нью-Йорктегі Хиллари мен Билл Клинтонның үйіне белгісіз біреулер жарылғыш зат жолдаған. Оны поштаны қарайтын жұмысшы тапқан деп хабарлайды The New York Times.

В дом Клинтонов и офис Обамы неизвестные прислали бомбы
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:04 0:00

Бомба салынған қорап АҚШ-тың бұрынғы президенттері Билл Клинтонның үйіне және Барак Обаманың кеңсесіне, CNN телеканалына және миллиардер Джордж Соросқа жіберілген. Тергеушілер жіберуші бір адам болуы мүмкін дейді. Дәл осындай қорап бұрынғы бас прокурор Эрик Холдерге, конгрессмен Дэбби Вассерман Шульцтің Флоридадағы кеңсесіне жолданған. Бұл жөнінде Нью-Йорк полициясы хабарлаған. Полицияның мәліметінше, қораптардың ішінде қолдан жасалған жарылғыш зат болған.

Бұл оқиғаларға қатысты АҚШ президенті Құрама Штаттарда саяси зорлық-зомбылық жоқ деп мәлімдеді. Дональд Трамп елде ірі федералді тергеу жұмыстары басталды деп мәлімдеді.

Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио оқиғаларды теракті деп атады.

XS
SM
MD
LG