Наманган қаласындағы "Янгикурган шароб" директоры Машраб Максумовтың айтуынша, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Францияға сапарынан соң, республикада шарап өндірісін қайта жетілдіру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.
"Елде шарап өндірісі тұралап қалған. Сол себепті жүзімдіктер жойылған. Франциядан әкелінген көшеттер жеміс берсе, біздің ғана емес, Өзбекстандағы басқа да шарап зауыттары жұмыс істей бастайды", - деді Машраб Максумов.
Биыл мемлекеттік бюджеттен шарап өнірісін дамытуға 30 миллиард сум бөлінген. Бұған қоса, Өзбекстандағы 62 шарап зауытын жетілдіруге қосымша қаражат қарастырылған.