Ссылки доступа

Ресейде мигранттарды рейд кезінде әскери тұтқындар ретінде ұстаған


Ресейдегі адам құқығын қорғаушылар Туладағы орталық базарда 20 қазанда еңбек мигранттарын заңсыз ұстағанын хабарлады. Олар бұны психикалық азаптау деп атап, еңбек мигранттарына әскери тұтқындар сияқты қарағанын мәлімдеді.

Ресейдегі еңбек мигранттарына құқықтық көмек беруші Валентина Чупиктің айтуынша, екі күнде Туладағы мигранттардан ондаған арыз алған.

"Олар өздерін заңсыз ұстағандарын айтып хабарласты. Мен олардан ресми түрде жоғарғы инстанцияға арыз жазуын сұрадым. Полиция арыз түсіргендер Ресейден депортацияланады деп қорқытып қойған. Еңбек мигранттары қорқып отыр", - деді адам құқығын қорғаушы.

Валентина Чупик соңғы уақытта Ресей қалаларында еңбек мигранттарын ұстау жиілеп кеткенін айтты. "Дәл осындай рейд жақында Владивостокта, Сахалинде, Приморский крайда болды. Оны себебі түсіндірілмей отыр", - деді ол.

Тула облысы полиция басқармасы бұны заңсыз мигранттарды анықтау үшін жасалған әдеттегі рейд деп атаған. Тулада екі күндік тексеру нәтижесінде 78 еңбек мигрантының тіркелген үйлерде тұрмайтыны анықталған.

XS
SM
MD
LG