Ссылки доступа

Ресей мен Өзбекстан тоқыма өнімдері үшін "жасыл дәліз" орнатпақ


Өзбекстан мен Ресей тоқыма және басқа өнімдер үшін "жасыл дәліз" орнату жөнінде келісімге келді деп жазады өзбекстандық БАҚ.

"Ресейге өзбекстандық көкөністі жеткізуде "жасыл дәліз" құрғаны үшін алғысым шексіз. Енді біз тоқыма өнімдеріне де осы тәжірибені қолға аламыз", – деп атап өтті Шавкат Мирзияев өзбек-ресей келіссөзінің қорытындысы бойынша.

Путиннің сөзінше, екі ел әртүрлі бағыттар бойынша ынтымақтастық жасауға бағдарламалар дайындады. Бірінші кезең бойынша жобалар құны 25 млрд доллар құрайды.

Ол сонымен бірге ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты жан-жақты талқылағанын атап өтті.

"Қаңтар-маусым айында екі елдің тауар айналымы 30 пайызға өсті. Бұл "жасыл дәліздің" нәтижесі", – деді Путин.

XS
SM
MD
LG