Қазақстан 12 қазанда Қырғызстаннан әкелінетін ет өнімдеріне уақытша шектеу қойған. Себебі "Қырғыз аумағындағы жануарлар ауруына" қатысты делінген.
Шектеу "Риха", "Қант нан зауыты", "Баркад", "Салих ЛТД" және "Адал-Азық" компанияларының тауарларына қойылған.
Осының алдында 8 қазанда Қырғызстан Қазақстанның құс өнімдеріне аймақта "құс тұмауы" індеті жүріп жатыр деген ақпарат бойынша шектеу қойған. Қазақстан аймақта құс тұмауы індетін жоққа шығарды. Бішкек кейін бұл шектеуді алып тастады.