Ссылки доступа

Өзбекстан президентінің "халық қабылдауы" өкілі кәсіпкерлерден ақша бопсалаған


Өзбекстанда Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі президенттің Қашқадария облысы бойынша "халық қабылдауы" қызметкерін ұстады. Ол кәсіпкерлерден ақша бопсалаған делінеді.

59 жастағы К.Н. жекеменшік компания басшысына құрылыс нысанын бөлу мәселесін шешіп беруге уәде етіп, сол үшін 14 мың доллар сұраған. Оны арнайы қызмет шайханада 9 мың доллар алған сәтінде ұстады.

Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қарсы "алаяқтық" және "пара алу" бойынша қылмыстық істер қозғалған. Тергеу жүріп жатыр.

Халықтың мәселелерін тыңдап, оны шешуі тиіс қызметкер жеке пайдасы үшін өз міндетін ұмытып кеткен, деп хабарлады құқыққорғау органдары.

XS
SM
MD
LG