ІІМ мәліметі бойынша, Қырғызстан тумалары өздерін криминалдық дөкей К. К. адамдары ретінде таныстырып, таксопарк аумағындағы ангарда өз отандастарын тонаған. Олар таксишілерді адам жүрмейтін жерлерге алып шығып, өздеріне бағынбағандарды ұрып-соққан.
Жәбірлеунішің бірінен 1600 доллар, паспортын, телефоны мен басқа да бағалы заттарын алып қойған. Одан кейін де ақша бопсалаған. Күдіктілер ақша қылмыстық істі жабу үшін қажет деп айтқан.
9 қазанда 10 мың рубль алу кезінде 26 жастағы Мадияр Касымбеков пен 25 жастағы Абдилманап уулу Аскар ұсталды. Екеуі де – Қырғызстан тумасы. Олардың азаматтығы туралы ІІМ хабарламады.
Ұсталған азаматтардан ақша, 54 адамның көлік жүргізу куәлігі, 35 қырғыз паспорты және 3 әскери билет тәркіленген. Тергеу жүріп жатыр.