Сотталушы Алмат Жұмағұлов бұл әрекетін айдауыл мен тергеу абақтысы әкімшілігінің заң бұзушылықтары туралы 4 қазанда түсірген шағымдарына құлақ аспағанымен түсіндірді. Сол себепті ол судьяға бойкот жариялап, аузын қағаз скотчпен жапсырып алды. Сотталушы Оралбек Омыров бұл бойкотты қолдады.
Сотталушы Кенжебек Әбішев денсаулық жағдайына байланысты ауруханаға ауыстыруын сұраған. Бұның алдында оның жүрегі ауыратыны анықталған.
Прокурор Дәурен Бұлғымбаев сотталушы Әбішевтің өтінішіне қарсы шықты.
"Жихадшылар" ісіндегі үшеу өздерін аса діндарға жатқызбайды, зайырлы өмір сүреді және тағылған айыптарды жоққа шығарды. Қазақстандық бірқатар адам құқығын қорғаушылар Әбішев пен Жұмағұловты саяси тұтқындар деп таныды. Билік олардың қоғамдық-саяси мәртебесіне қатысты пікір білдірген емес.