Ссылки доступа

Ташкентте танымайтын жігітке күйеуге шығудан бас тартқан қызды соққыға жыққан


Камола Абдуллаева.
Камола Абдуллаева.

Ташкенттік адам құқығын қорғаушы Елена Урлаеваға медбике Камола Абдуллаева шағым айтып барған. Қызды 11 қазанда №2 аурухана маңында бір топ адам сабап соққыға жыққан.

AsiaTerra сайтының мәліметі бойынша, медбикені анасы Карима Курбанова, сонымен бірге Мұрат және Батыр есімді екі жігіт ұрған. Камоланың айтуынша, оны ұрып қана қоймай, айқайламас үшін аузын скочпен жапсырып қоюға тырысқан.

Жас қыз Мұрат есімді жігітке тұрмысқа шыққысы келмегені үшін соққыға жығылғанын айтты. Қыз бұл жігітті өмірінде екі рет қана көрген. Оның анасы Карима Курбанова 11 қазанда молда шақыртып қойған. Бірақ қыз Мұратқа тигенше, өлгенім артық деп айтқан. "Күйеу жігіттің" бұрынғы некесінен екі баласы бар.

Қыз түнгі киімімен үйінен қашып шыққан. Анасы оның құжаттарын алып, болашақ "күйеу балаға" берген.

Адам құқығын қорғаушы Елена Урлаева милицияға және "жедел жәрдемге" хабарласты. Дәрігерлер Камоланың миы шайқалғанын, шүйде терісі зақымдананын анықтады.

XS
SM
MD
LG