Душанбе қалалық ішкі істер бөлімі офицерге белгісіз біреулер шабуыл жасады деген ақпаратты жоққа шығарды. Астана милициясының мәліметі бойынша, Фахриддин Собиров қан қысымының көтерілуінен есінен танып қалған.
Бейнебақылау камераларын зерттеген милиция қызметкерлері ешқандай шабуыл жасалмағанын хабарлаған. Дәрігерлер оның қан қысымы 220-ға дейін көтерілгенін айтқан.
Собировқа шабуыл жасалған деген мәліметті оның туыстары таратқан. Олар шабуыл себебін білмейді. Офицердің әпкесі Сайёра Собированың айтуынша, оған шабуыл жасап, басынан ауыр бір затпен ұрған.
"Біз оны ауруханаға жеткізгенде, ол есін білмейтін. Дәрігерлер Фахриддин өзі құлап, басын тасқа жарып алды дегенге сенбейді. Олар басынан ауыр затпен ұрған деп болжайды", - деді Собирова.
Фахриддин Собиров кеден қызметі баспасөз хатшысы қызметіне бір апта тұрын тағайындалған.