Ауа райы бұзылған жағдайда, бұл жол жабылады, деп мәлімдеді Душанбе – Чанак автожолына қызмет көрсететін IRS компаниясының баспасөз хатшысы Далери Абдулло.
"Жолда компания мамандары жұмыс істеп жүр. Олар жауған қар мен құлаған тасты тазалаумен әлек. Жолдың кейбір тұстарында қалың тұманға байланысты баяу жүруге тура келді", - деді автожүргізуші Мұхиддин Кулматов.
Тәжікстанның гидрометеоорталығы бұған дейін қолайсыз ауа райы туралы хабарлаған. Соған қарамастан, алғашқы қар көптеген тәжікстандықтарды әбігерге түсірді. Әлеуметтік желілерде қар басқан жеміс-жидек бақтарының суреттері жарияланды. Бірқатар аймақтарда алма және басқа да жемістерді жинау мүмкін болмай қалды. Дегенмен, Тәжікстан ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, диқандар күн суытатынын естіген. Соңғы күндері барлық шаруашылықтар күні-түні мақта жинаумен айналысқан.