Жас келіншекті 19 қыркүйекте Куляб ауруханасына жеткізді. Оның денесінің 20 пайызы күйік қалған. Жас отбасында үш жастағы қыз өсіп келеді. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің аяғы ауыр.
Фарзонаның айтуынша, сол күні отбасындағы жанжал 150 сомони (16 доллар) мен телефон үшін болған. Ақша мен телефон үйде жоғалып кеткен делінеді. "Мен шыдай алмай, күйеуіме не ажырасамыз, не басқа үйге шығамыз дедім. Сол кезде енем кіріп келіп, мені үйден шығаруын баласынан талап етті", - деді Фарзона Гуломова.
Оның айтуынша, күйеуі анасын жақтап шыққан, ал қайын сіңлісі жеңгесін ұрған. Қыз есі шығып, баняға барғанын ғана біледі.
Құқыққорғау органдары істі тексеріп жатыр.