Қайғылы оқиға 21 қыркүйекте Денау ауданындағы орталық базарда тіркелген.
"Ерлі-зайыптылар орталық базарда сауда жасайтын. Таңертең күйеуі әйелін дүкен маңында пышақтады. Ол әйелін бес мәрте пышақтады. Базардағы саудагерлер "жедел жәрдем" шақыртты, бірақ әйелді аман алып қала алмады", - деді куәгерлердің бірі.
Саудагерлердің айтуынша, олар ақша үшін жанжалдасып қалған. "Дүкенді базар қожайынынан жалға алып отырған. Жалға алу ақысын төлей алмай, сол үшін жанжалдасқан".
Аудандық прокуратура қызмыстық іс қозғады.