Аталған жарлық 19 қыркүйекте, үкіметтің заң жобасы арқылы парламентте қабылдау әрекетінен ешнәрсе шықпағаннан кейін жарияланды. Бір жыл бұрын Үндістан Жоғарғы соты ер азаматтардың "талақ" айту арқылы әйелімен ажыраса салуы, әйелдердің конституциялық құқығын бұзады деген қаулы қабылдаған.
Желтоқсан айында дәстүрлі ажырасу салтына тыйым салатын заң жобасы парламенттің төменгі палатасында мақұлданған. Бірақ заң жобасы жоғарғы палатадан өтпеді. Енді үкімет қабылдаған жарлық күшіне ену үшін, ел президенті құжатқа қол қоюы керек.