«Сафармамадовты ІІМ қызметкерлері ұстады. Сол күні оны Шохмансур аудандық сотына әкеліп, қамау туралы шешім шығарған», - деп хабарлайды прокуратурадағы дереккөз.
Алайда, сот залынан шығып бара жатқанда, Фарход Сафармамадов қолындағы кісенімен қашып кеткен. Ол мекемеге қарама-қарсы орналасқан көпқабатты үйге көтеріліп, терезеден өзін лақтырып, қаза тапқан.
Бірақ қаза болған күдіктінің туыстары бұл болжамға сенбейді. «Менің бауырым кәсіпкерлікпен айналысты. Біз оның терроризмге қатысы болды дегенге сенбейміз», - дейді Рустам Сафармамадов.
Туыстарының сөздерінше, Фарход Сафармамадовтың Вахдат базарында сауда жасайтын сәкісі болған. Артында кәмелетке толмаған екі баласы қалған.