Ссылки доступа

Түркіменстанда мерзімі өтіп кеткен дәрілер сатылып жатыр


Түркіменстанда дәрі-дәрмек қымбаттап, кейбірі тапшы болып жатқан тұста, Дашоғузда мерзімі өтіп кеткен дәрілер сатылып жатыр. Бұл жөнінде аймақтағы Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі хабарлайды.

«Дәрі-дәрмектің қымбаттап жатқанын пайдаланған саудагерлер мерзімі өтіп кеткен дәрілердің қорабындағы жарамдылық мерзімін көрсететін жазуларды өшіріп, сатып жатыр. Кейбірін қорабын алып, даналап сатып жатыр», - дейді тілші.

Тілшінің айтуынша, шыны және пластикалық ыдыстағы дәрілердің де жарамдылық мерзімін көрсететін жерлерды жараға жағатын маймен өшіріп тастаған.

Өткен айда Азаттықтың Лебап уәлаятындағы тілшісі жедел-жәрдем қызметкерлері дәрілердің тапшылығынан науқастарға дәрі бермейді деп хабарлаған. Дәрігерлер соңғы уақытта мемлекет жедел-жәрдем қызметін тегін дәрілермен қамтамамыз етуді тоқтатты дейді.

XS
SM
MD
LG