Сонымен бірге "Умед-88" компаниясының директоры Идибек Иброхимов 22 жылға сотталған.
Раджабали Одинаевтың ұлы Амирджон Одинаев егер әкемді босатқанда, мемлекет алдындағы қарызды түгел өтеуші еді дейді. "Біз, әрине, қайта шағымданамыз. Сот үкімі әділетсіз, өте қатаң болды", - дейді Амирджон Одинаев.
28 тамызда сотта соңғы сөзінде Раджабали Одинаев өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын айтып, босатуын сұраған. Ол сонымен бірге мемлекет алдындағы қарызды түгел өтеу үшін, уақыт беруін сұраған.
"Умед-88" компаниясының басшылары Раджабали Одинаев пен Идибек Ибрагимов былтыр күзде, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның кәсіпкерлермен кездесуде, "Умед-88" компаниясына айтылған сынынан кейін тұтқындалған. Қаржы министрлігі аталған компанияға мемлекеттік бюджеттен 170 миллион сомони (18,8 млн доллар) несие берген. Президент "Умед – 88" басшылары екі жыл бойы ақшаны қайтармай келеді деген.
"Умед-88" компаниясын Раджабали Одинаев 1996 жылы құрған. Компания негізінен Ресейден, Қазақстаннан және Түркіменстаннан жанармай жеткізумен айналысады.