"Дашоғыз уәлаятының Ниязов, Йыланлы, Гороглы және Болдумсаз қалалары мен ауылдардағы мектептерде 7 сыныптан жоғары оқитын оқушыларды мақта теруге шығарды", - деп хабарлады Азатлыктың осы өңірдегі тілшісі.
Оның хабарлауынша, кейбір аудандарда балаларға тіпті түскі ас ішуге рұқсат бермеген.
Бұл уақытта ауыл шаруашылығындағы қызметкерлер "Ақ керуен" халықаралық раллиіне дайындыққа барып жүр.
"16 қыркүйекте "Ақ керуен" шарасы өтеді. Сол кезде мақта тиелген жүк көліктері биылғы егістің бітік шыққанынан көпшілікке көрсетуі тиіс. Сол себепті олар осы шараға дайындалуға мәжбүр", - деп хабарлады тілші.
Халықаралық ұйымдар Түркіменстанда мақтаны мәжбүрлеп тергізу жағдайын жылда айтып келеді.