Ташкент ішкі істер басқармасының хабарлауынша, шенеунік арнайы қызмет тарапынан қыркүйек айында, 400 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған.
Пара алу кезінде тағы бірнеше адам тұтқындалғаны айтылады.
42 жастағы Абдусаматов былтыр сәуір айында Юнусабад ауданы әкімі болып тағайындалған. Осыған дейін ол Өзбекстанның табиғатын қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетті басқарған.
2017 жылы сәуір айында үкімет отырысы кезінде Абдусаматов президенттен сөгіс естігін. Артынша, ол жоғары лауазымды қызметінен босап, аудан әкімі болып тағайындалған.