Ссылки доступа

Ташкентте Мирзияевқа видео-жолдау арнаған имамды жұмыстан шығарды


Имам-хатиб ташкентской мечети «Омина» Фазлиддин Парпиев.
Имам-хатиб ташкентской мечети «Омина» Фазлиддин Парпиев.

Ташкенттің Юнусабад ауданындағы "Омина" мешітінің имамы Фазлиддин Парпиев қызметінен босатылды. Ол бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевқа видеоүндеу жолдаған еді.

Мұсылмандар діни басқармасының үкімінде имам Парпиев қызметтен Этика жөніндегі комитет шешімі бойынща қызметтен алынғаны айтылған. Әлеуметтік желіде тараған бұл үкім 8 қыркүйекте қабылданған.

Еске салайық, өткен аптада жұма намаз кезіндегі уағызда имам Парпиев сағал қойған ер азаматтарға, хиджаб киген әйелдерге қысым жасайтын құқыққорғау қызметкерлерін сынаған. Бұның алдында ол президентке видеоүндеу жариялаған.

Одан соң имам ӨМДБ өкілдері өзіне қысым көрсете бастағанын мәлімдеген.

Фазлиддин Парпиев Ташкенттегі "Омина" мешітіне бір ай бұрын имам боп сайланған.

XS
SM
MD
LG