Ссылки доступа

Өзбек үкіметі сайттарды сот шешімінсіз бұғаттай алады


Новые ограничения на пользование Интернетом в Узбекистане вводятся после ареста ряда блогеров, писавших на религиозные темы.
Новые ограничения на пользование Интернетом в Узбекистане вводятся после ареста ряда блогеров, писавших на религиозные темы.

Өзбекстан үкіметі таратуға рұқсат етілмейтін ақпараттары бар сайттарды шектеу тәртібін бекітті.

Сайттар мен блогтарды бұғаттау тәртібін Өзбекстанның әділет министрлігі жариялады.

Ресми мәлімет бойынша, республикада жақында сайттар мен блогтардың арнайы тізімі дайындалады, оған кірген сайттар бұғатталады. Сайтты бұғаттауға Өзбекстанның конституциялық құрылымын өзгертуге, терроризмге шақыру, ұлт араздығын туғызу секілді жайттар себеп бола алады.

Өзбекстандағы БАҚ туралы заң бойынша, республика аумағында сайттарды бұғаттау сот шешімімен жүзеге асуы тиіс.

Соңғы бірнеше жылда Өзбекстанда билікті сынайтын көптеген тәуелсіз сайттар ашылмай қалды. Олардың арасында Озодлик радиосының сайты да бар.

XS
SM
MD
LG