Тергеу мәліметі бойынша, биыл 2 қыркүйекте Курск метро станциясында басынан атып өлтірілген полиция қызметкерінің денесі табылды.
Тергеу комитетінің хабарлауынша, полиция қызметкері ер кісіні құжатын тексеру үшін тоқтатқан. Қазіргі таңда қылмысқа қатысы болуы мүмкін ер кісінің кім екені анықталды.
Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, қылмыс жасады деген күдікпен 43 жастағы Ресей азаматы, Қырғызстан тумасы Нұрлан Мұратов ұсталған.
Интернетте тараған видеода Мұратов кінәлі еместігін, Мәскеуде жұмыс істейтіндігін мәлімдеген.