Ссылки доступа

Қырғызстанда аурухана жатқызылған 12 адамнан күйдіргі анықталған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанның Ош облысы, Қара-Құлжа ауданында ауруханаға жатқызылған 12 адамға "Сібір жарасы" (күйдіргі) диагнозы қойылған. Бұл жөнінде ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Елена Баялинова мәлімдеді.

Республикалық карантиндик өте қауіпті инфекциялар орталығының директоры Сабыржан Әбдікәрімовтің сөздеріне сүйенген ол науқастан қан алып, тексергенде, күйдіргі індетін жұқтырғаны анықталған дейді. Ал қалғандарыныкі клиникалык-эпидемиологиялық анализдің жиынтығы бойынша анықталған. Мұнан бөлек мал сойылған орын да зақымданған.

Қазіргі кезде 12 науқастың үшеуі емделіп шыққан. Қалғандары ауруханада ем алып жатыр. Аталған адамдардың бәрі үйдің етін жеген екен.

XS
SM
MD
LG