Ссылки доступа

Ресейде 26 өзбек мигранты уланып қалды, біреуі қайтыс болды


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Мәскеу облысында құрылыста жұмыс істейтін 26 өзбекстандық еңбек мигранты тамақтан уланып қалған. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлаған.

Ресейлік ақпарат құралдарының мәліметтеріне қарағанда, 23 жұмысшы ауруханаға түскен, біреуі жедел жәрдем келем дегенше қайтыс болған, екі адам ауруханаға барудан бас тартты.

Мәскеу облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Дмитрий Марковтың айтуынша, оқиға орнында екі медициналық бригада орталығы жұмыс істеп жатыр, бұған қоса жеті жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды.

Өзбекстаннан келген құрылысшылар 18 тамызда берілген тамақтан ауыра бастаған, бірақ өз беттерімен емделуге талпынған. Оларға гастроэнтерит диагнозы қойылды.

XS
SM
MD
LG