Баяндама Пентагон сайтында жарияланған. Есепте Қытай армиясы "ҚХР-дан алыс қашықтықтағы нысандарды жою" мүмкіндігін жетілдіріп жатқаны көрсетілген. Америка "Қытай теңіздің қауіпті аймақтарында АҚШ-тың Тынық мұхитындағы әскери базаларын атқылауды үйрену үшін жаттығу жасап жатыр" дейді.
Биыл мамырда Пекин Оңтүстік-Қытайдағы даулы аралдарына ядролық қару таси алатын бомбалаушы ұшақтарын жіберген. АҚШ бұған алаңдаушылық білдірген.
АҚШ пен Қытай арасы "сауда соғысынан" соң ушығып кеткен. Тараптар тамыздың аяғында Вашингтонда екі жақты қарым-қатынасты талқыламақ.