Америкалық алкоголь өнімдеріне салықты 140 пайызға, жеңіл емес көліктерге 120 пайыз, жапырақ темекісіне 60 пайыз көтерді. Мұнан бөлек косметика, күріш және көмір салықтарын өсірді.
Тамыз айының басында АҚШ Түркияның ІІМ және әділет министрлігіне қатысты санкциялар енгізген. Анкара дәл солай жауап берді. Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп түріктің құрышы мен алюминийіне қосымша салық салу жөнінде мәлімдеді. Осыдан кейін түрік лирасы бірден құнсыздана бастады. Түркия президенті Режеп Ердоған лираның рекордтық деңгейде "құлауын" Анкара саясатына қарсы жасалған акция деп мәлімдеді. Жыл басынан бері ұлттық валюта шамамен 45 пайыз құнын жоғалтты. Түркия лидері бірер күн бұрын америкалық электроника тауарларына бойкот жариялаған.