Ссылки доступа

Бішкекке Ресей мен Беларусьтан 37 жаңа троллейбус келді


Бішкек әкімдігі Ресей мен Беларусьта шығарылған 37 жаңа троллейбус сатып алды.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, 15 троллейбус "Белкоммунмаш" зауытынан, ал 22 троллейбус Ресейдің "Тролза Маркет" зауытынан алынған.

Қоғамдық көлік Еуропадағы Даму және Қайта құру банкі қаржыландыратын "Бішкек қаласының қоғамдық көлігін дамыту" жобасы аясында сатып алынды.

Бішкек көшелеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты қазір жаңа троллейбустардың 70 пайызы әлі жолға шықпаған.

Күн сайын қалада 110 троллейбус, 110-120 автобус және 2500 маршрутты такси жолаушыларға қызмет көрсетеді.

Бішкектің жаңадан сайланған мэрі Азиз Суракматов қалаға тағы 800 автобус және 400 троллейбус сатып алуға уәде берді.

XS
SM
MD
LG