Келісі сот отырысы қазан айына белгіленген.
Шілденің соңында Нью-Йорк штатында 25 адам аса ірі көлемде қаржы алаяқтығын жасады деген күдікпен ұсталған. Олардың арасында 1970 жылы туған Елена Құдайбергенова, 1991 жылы туған Диора Аширова және 1994 жылы туған Азиза Джалолова да бар. Ұсталған 25 адам 4,5 миллион доллар көлемінде шығын келтірді деген күдікке ілінген.
Елена Құдайбергенова денсаулығына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылып, қалған екі азамат қамауға алынған.
АҚШ заңы бойынша, ұсталғандар айыпты деп танылса, 20 жылға 30 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.
Ресейлік БАҚ дерегінше, АҚШ-та ұсталғандар арасында Ресей, Грузия, Әзербайжан, Украина Латвия, АҚШ және Түркия азаматтары да бар.